Күміс той Тамада кітабынан - құттықтау

Күміс той Тамада кітабынан

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,
Жанымның жайып салып тылсымдарын.
Махаббат боп маздаған мына ғалам,
Бақытты жанұяның білсін барын.
 
Кеткен бе ширек ғасыр жылжып өтіп,
Қуантты қызғалдақтай ұл-қыз өсіп.
Ағамыз алақанда аялауда,
Ақ гүлдей асыл жарын үлбіретіп.
 
Қабағынан түсініп ер көңілін,
Жабырқатқан кезі жоқ жансерігін.
Жеңгеміз жиырма бес жыл болды бәйек,
Ағаның көтерумен еркелегін.
 
Ассақ та тіршілктің сан асуын,
Таусылмас арманы адам баласының.
Күмбірлі күміс тойлар айғақтайды,
Жүрек пен жүректердің жарасымын.
 
Жылжыған бұл уақытта дауа бар ма,
Жетелеп бара жатыр заман алға.
Ақ босаға есігін имене ашқан,
Күміс той жас дәуренді салады ойға.
 
Алда әлі думандатар сайран көп күн,
Күлімдеп күміс тойға жайнап жеттің.
Күміс той – алтын тойға есік ашып,
Күндерің шалқып-тасып тоймен өтсін.
 

Отау көтерген мерей тойларға » Соңғы қосылған дүниелер »