Үйленген жастарға ата-ана тілегі Тамада кітабынан - құттықтау

Үйленген жастарға ата-ана тілегі Тамада кітабынан

Көп тілекті көксейді ғой көкейім,
Жарықтарым, садағаң боп кетейін.
«Қыз-жат жұрттық» -
Деген бабамыз,
Ет жүрегім елжірейді, не дейін?
 
Өмір жолы түзу емес, бұралаң.
Талайларды талқыға сап сынаған.
Қарлығаштай қанатымен су сепкен,
Бір-біріне қамқор бол деп сұранам.
 
Ұл-ата ізін,
Қыз басады ана ізін,
Үлкен сыйлау – екеуіңнің парызың.
Туыс-туған, ата-анаңды қадірлеп,
Аяулысы бола білгін жарыңның.
 
Бәйтерегім ең, жайқалсын жасыл желегің,
Өрісің кеңіп, ырысың тассын, өренім.
Шаңырағың шалқып,
Өзгеге жүрсең үлгі боп,
Марқайып біз,
Бағымыз жанды дер едім.
 
Ертеңіңді ойлап,
Елжіреп жүрек, толқыдым,
Күйеуі-тірек,
Жан-жары болар көркі үйдің.
Қия өтпей, қызым,
Бабаңның салтын сақтағын,
Керегесі алтын –
Келіні жақсы болса үйдің!

Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »