Әріптестің үйлену тойына тілек - құттықтау

Әріптестің үйлену тойына тілек

Жанұя - жаңа өмір, нұрлы көктем,
Көктемді - қос әулеттің бірлігі еткен.
Аяулы жас шаңырақ - жас отбасы,
Сендерді құттықтаймыз шын жүректен.
 
Бәріміз бір достастық қалыпта өстік,
Бәріміз қазақ дестік, халық дестік.
Мадияр, Ақеркежан құттықтаймыз,
Атынан бауырластық - әріптестік!

Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »