Құдаларға арнау - құттықтау

Құдаларға арнау

 
АРНАУ
 
 
Арықтан су ағады шыр айналып,
Нәсіптіге мал бітер бір айналып.
Жастығыңның шағында ойна да күл,
Кім бар кім жоқ келгенше қайта айналып.
 
Қайырмасы:        Құдажан жорытқанда жол болсын,
                              Құдағи дастарханың мол болсын.
                              Алланың шапағаты тие берсін,
                              Бізден тілек сол болсын.
 
Тал мен қайың жарасар тал мен қайың,
Денсаулықта кім ойлар ауру жайын.
Осы отырған қызықты ойын-тойда,
Көмейден ағызайын тілдің майын.
 
Қайырмасы
 
Құда жаңа, болды енді туыс жаңа,
Сыңғырлайды шырқасам үнім дара.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Шырқайықшы іркілмей осы арада.
 
Қайырмасы

Құда түсу » Қыз ұзату » Той әндері » Соңғы қосылған дүниелер »