Тойға шашу - құттықтау

Тойға шашу

Ақайдар
ТОЙҒА ШАШУ
 
 
Қазақ айтқан:
Тойың тойға ұлассын деп,
Шалқытып салған әнің қыр ассын кеп.
Шақырып ұлан тойға сауын айттың,
Ағайын қызығыма қуансын деп.
 
Абай айтқан:
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
 
Мен айтам:
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
 
Жұрт айтар
Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
 
Түйіп айтсам
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
 


 
Аяулым
Бұл шумағым бір кәдеге жарап қалар,
Айта алса, тыңдаған ел қалап алар.
Алдау емес кісіні, көңілін табу ағайынның
Ағайын қолқа салса мен бе екен қарап тұрар.
 
 
 
с

Үйлену тойы » Соңғы қосылған дүниелер »