60 жасқа тілектер - құттықтау

60 жасқа тілектер

Бір жылда бірге туған, асыл досым,
Тойлатар алпыс жасың құтты болсын!
Кең пейілді құрдасым, Кенғазым-ай,
Ұлдарың Дәнияр, Әйтей аман болсын!
 
Отыз жыл бірге жүрсең, бағаланар,
Достың да, достары бар дараналар.
Немерең өсіп, өнсін, шөбере сүй,
Сабақтасса ұрпағың, бағың жанар.


Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңді құрметпенен.
 
Еңбек жолың татиды сан аңызға,
Саған қарап күлімдеп қаламыз да.
Отбасында бақытты ғұмыр кешіп,
Аман-есен жүре бер арамызда.
 
Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,
Әлі талай шыңдардан бақ табасың.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуенің ешқашан тоқтамасын! 


"Алпыс - тал түс" дейді халық данасы,
Алпыс деген өң мен түстің арасы.
Бір әулеттің өзің алтын қазығы,
Аман болшы, аяулы ел ағасы!


Байыптасаң өмір мен өнер егіз,
Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз.
Бабалар аманатын аман сақтап,
Қазақша ән шырқасын шөбереңіз


Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына...
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл-қызым, немере мен шөбере – жастарыма!



Парасат (49-61) » Соңғы қосылған дүниелер »