Наз - құттықтау
Наз
Қуанышбай ҚұрманғалиСағындым сені, сағындым,
Көркіңе сенің табындым.
Ғашық та қылған өзіңе,
Сезімге сұлу табындым.
Айналдым сенен, айналдым,
Қазықтай саған байландым.
Сендікпін деген сөзіңнен,
Жабырқай көңілім жайландың.
Бақытым болған бақ-құсым,
Періште сынды пәктісің?!
Сүйгенде тілің бал-шекер,
Не деген, жаным тәттісің.
Сен менің жалғыз жанымсың,
Сен жоқта мүшкіл халім шын.
Мұң басып түндей түнерсем,
Ағарып атар таңымсың.
Басыма қонған бағымсың,
Көңілімнің алтын тағысың.
Қасымда дәйім жүрсең де,
Армандай алыс сағымсың.
Айналдым қоңыр көзіңнен,
Айырған мені төзімнен.
Жарылсын жүрек шаттанып,
Сүйемін деген сөзіңнен.
Сондайсың, сәулем, сондайсың,
Жағасы бұлғың тондайсың.
Жаралып жанды жылатпай,
Басыма бақ боп қонғайсың.
Тағастыз күтіп-тосамын,
Жырыма сені қосамын.
Сөзіңді берсей, болайын,
Тәңірі қосқан қосағың!
Тезірек, жаным, жетсеңші,
Сағындым.... өлдім...тек сенші.
Толқыған жүрек тыншысын,
Сенімнің гүлін ексеңші.
Билік, байлық, бұзар, бұзар пендені,
Ар-ұяты, ақыл-есі кендені.
Айықпайтын душар болдық дертке бір,
Табылмас-ау оның әттең енді емі.
Басы айналып қолдың кірі байлықтан,
Көріп қорлық, көңіл шіркін, шайлықтан!
Өкінішпен өтер өмір бекерге,
Билік, байлық болмас жолдас мәңгілік.
Ғашығыма » Өлең - сөздің патшасы »