Жеңгеме - құттықтау
Жеңгеме
Ертелі-кеш тынбастан томпаңдайтын, жеңешем,Қас-қабаққа қарайлап жаутаңдайтын жеңешем.
Қыз Жібектің өзі деп аға алған,жеңешем,
Пері ме? деп көпшілік аң-таң қалған, жеңешем.
Жерге тиер тік тұрсаң қолаң шашың,жеңешем,
Еске салар Айды қалам қасың, жеңешем.
Талай жігіт қалды-ау Әттең-айлап, жеңешем,
Бұйырмастан біздерге кеткені-айлап, жеңешем.
Ыстық буы палаудың шұбатылды, жеңешем.
Қыз-ғұмырың кейіннен ұзатылды, жеңешем.
Енді отырсың үйіңнің құрап басын, жеңешем.
Төртеу еттің ағамның бір-ақ басын, жеңешем.
Әлі күнге қайныңыз сүр бойдақ жүр, жеңешем,
Сұлу сіңлің болса егер бізді ойлап жүр, жеңешем.
Сөз таба алмай қыздарға отырамын, жеңешем,
Қол ұстатсаң ар жағын қатырамын, жеңешем...
Кемел Кеніш
* * * * * * * * * * * * *
Туыстарға » Жеңге-қайындарға »