Той-қазына кітабынан Нағашыларға - құттықтау
Той-қазына кітабынан Нағашыларға
НағашыларғаҚымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!
Нағашыға
Алыс ауыл арасын
Жақын қылған нағашым,
Ақ көңілді баласын
Ақын қылған нағашым,
Нағашымның жаңасын
Іздесең қайдан табасың?
Жиенге
Өсіп-өнер жұртыма,
Өріс болған жиенім.
Айқасқанда жауымен,
Жеңісті алған жиенім.
Елдігін де білемін,
Кеңдігін де білемін,
Тайма осы қалпыңнан
Өзіңе айтар тілегім.
Туыстарға » Нағашы-жиен-бөлеге »