Анаға тілек - құттықтау
Анаға тілек
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,
Тілін алсам – айналған, күнәм болса - өшірген,
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?
Туыстарға » Анама »