Қыз балаға тілек - құттықтау

Қыз балаға тілек

 
Қыз балаға құттықтау тілек
 
Ерке қызым алтыным –
Көркі қазақ халқының!
Сен туғанда - қуанып,
Сен жүргенде балқыдым!
 
Білім болды қанатың,
Өсті ойың-санатың,
Құтты болсын жеңісің,
Жалындай бол жанатын.
 
Күн нұрындай жарық бол,
Бабалардай алып бол!
Ақ бұлақтай мөлдіре,
Жаңалыққа салып жол!


 
Күнім, гүлім, айымсың,
Көктемдегі қайыңсың.
Тәй-тәй басып үлгермей,
Папа деуге дайынсың.
 
Алтын қызым – батырым,
Биік болсын шатырың.
Асыл қызым – Нұргүлім,
Айналайын, ақ гүлім!


 

Туыстарға » Іні-қарындастарға »