Балама тілек Тамада кітабынан - құттықтау
Балама тілек Тамада кітабынан
Алда барын ұмытпағын, жарығым,Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.
Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.
Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.
Туыстарға » Балама »