Еркіндікке бастаған егемендік - құттықтау

Еркіндікке бастаған егемендік

Еркіндікке бастаған егемендік Шайқалып тас бұғаудың тас қамалы, Еркіндік тоқсан бірден басталады. Қазақтың таңы атып,тарих күліп, Шырқалды азаттықтың асқақ әні. Халқымның шын оянып асқақ ары, Еркіндік тоқсан бірден басталады. Қуанып,сүйіншілеп жас та кәрі, Тарихтың күлді сол жыл қас-қабағы. Танытып барша әлемге қазақтығын, Қалдырып тастады артқа азап-мұңын. Бұл жолда талай боздақ қанын төкті, Күреспен келді маған азаттығым. Жас ұрпақ сол күрестің жаттайды әнін, Сезінбес рухымның татпай дәмін. Аталдық күллі әлемге Қазақстан, Желбіреп төбемізде көкбайрағым. Халқымды шабыттарға бөледі ерлік, Бұл жолға жігер-күшті төге келдік. Бостандықтың жол салған биігіне, Жасасын мәңгілікке егемендік! Ғабиден Қожахмет  
сценарийлер » Тәрбие сағаттарына материалдар »