Жетім сөзіне қатысты мақал-мәтелдер - құттықтау
Жетім сөзіне қатысты мақал-мәтелдер
Әкесіз жетім - жарты жетім, Шешесіз жетім - анық жетім. Күнсіз гүл өспес, Күтусіз ұл өспес. Эетім қозы тез отығар, Жетім бала тез жетілер. Жетім жылап күн кешеді, лақ маңырап су ішеді. Жетімге жеті бидай да тамақ. Атасы жоқ - мас жетім, Анасы жоқ - хас жетім. Жетімнің ризығы - жұрттан. Жетім көрсең, жебей жүр. Тоғыз жетім бар: Өмірда ата-анасы жоқ - бала жетім. Халқына сенімсіз болса - хан жетім. Хан ақылсыз болса - халқы жетім. кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім. Суы жоқ - құдық жетім. Ұлы жоқ - әке жетім. Қызы жетесіз болса - ана жетім. Досы жоқ - жігіт жетім. Шәкіртсіз - ұстаз жетім.Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »