Қалталы жігітке тигісі келетін қыздарға құлаққағыс /әзіл-шыны аралас - құттықтау
Қалталы жігітке тигісі келетін қыздарға құлаққағыс /әзіл-шыны аралас
Әзіл мен шын Қалталы жігітке тигісі келетін қыздарға құлаққағыс Американдық бір қыз әлеуметтік желіге шығып, мынадай ұсыныс қойыпты: «Мен өте сұлу, көңілді, ақылды қызбын. Жылына кемінде 500 мың доллар табатын жігітке күйеуге шыққым келеді». Бір жас іскер, қаржыгер жігіт қызға мынадай жауап беріпті: - Ұсынысыңызды қызықтап оқып шықтым – мен бұл мәселеге былай қараймын. Мен сияқты қаржыгер жігітке, сенің қойған ұсынысыңыз, сізге айтайын, жарамсыз. Неге дейсіз ғой? Қысқаша айтсам, сен өз сұлулығыңды менің ақшама айырбастағың келеді. Тамаша. Бірақ сенің сұлулығың жыл санап азаяды емес пе, ал менің қаржым мен байлығым жыл санап өседі. Әрине, менің байлығымның жыл санап азаюы да ықтимал. Бірақ сенің сұлулығың жыл санап артпайтыны анық қой. экономикалық тілге көшсек, сенің байлығың, яғни сұлулығың жыл сайын құнсызданады, он жылдан кейін саған ешкім қарамайды да. Сен «мені сатып ал» деп отырсың ғой, бұл – өте нашар бизнес. Сондықтан мен сені тек жалға алуға келісер едім. - Әрине менің сөзімнің саған ұнамасы анық, мүмкін дөрекі санарсың, ойлан. Егер менің байлығым (қаржым) жыл сайын азайса, онда сен де әділіне көшіп, мені тастап кетуіңе болады. Сондықтан өзара бұл іс жайлы келісімге келуіміз екі жаққа да тиімді. Кездесіп тұрайық, бірақ той болмайды. Осы жауабым арқылы саған көмектестім ғой деп ойлаймын. Жылдық келісімшарт жасасу бойынша келіссөз жүргізгің келсе, хабарлас.Той-думан » Әзіл-қалжың »