Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,Үлкенде - құттықтау

Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,Үлкенде

Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,

Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз,

Бәрін - бәрін сезімге бағындырған он сегіз,

Сенің үнің құралған арын жырдан, он сегіз.

 

Жапырақ мінез, жел қөңіл, алып ұшпа он сегіз,

Дүниені ізгі деп, танығыш та он сегіз.

Біреуге жаз, біреуге сағыныш та он сегіз,

Жанарлардан үздіксіз жалын ұшқан он сегіз.

 

Жауынымен, дауылмен қуаттаған он сегіз,

Бастау алған мөп-мөлдір бұлақтардан он сегіз.

Адамзаттың ары  боп  тұрақталған он сегіз,

Асарына сенетін әлі-ақ қырдан он сегіз.

 

Биік-биік армандары қанат қылған он сегіз,

Асау мінезді өмірге жараттырған он сегіз.

Жұмылмаған жанармен  таң аттырған он сегіз,

Сағынамыз өзіңді біз бүгінде,  он сегіз!

 

Ерке мінез, наз қылық, сұлу мүсін көрсе қыз,

Талай ерлік жасаған жігіт біткен, сенсеңіз.

Маусымың мен  мінезің қуанасын келсе егіз,

Тіршіліктің көктемі – он сегіз!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »