Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,Еркіңіз көнбесе - құттықтау

Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,Еркіңіз көнбесе

Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,

Еркіңіз көнбесеңіз, көнсеңіз де,

Арулар қартаймайды ешқашанда,

Бәрібір қыздың жасы – он сегізде.

 

Ақ тілек айтып қалсын кенен көмей,

Арулар болған емес өлеңге өгей.

Қыздардың жасын қазақ сұрамайды,

Тұрады ол он сегізден «төмендемей».

 

Айналайын махаббаттың базарына,

Білесің жастық дәурен озарына.

Арудың нағыз жасы он сегіз жас,

Ешқашан көтерілмес жоғарыға.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »