Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарам - құттықтау

Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарам

Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қалың қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң, бойын қайта тіктеп, жапырағын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туған күн иесі де осы қайың ағашы тәріздес - өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройың артып еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »