Қырық жасқа толғаның –Қырдан асып қалғаның - құттықтау

Қырық жасқа толғаның –Қырдан асып қалғаның

Қырық жасқа толғаның –

Қырдан асып қалғаның.

Арманыңды жалға мың,

Бақ сыйласын алды күн.

 

Өмір мәнін шын ұқ та,

Қиялға өрле қырықта.

Өсиетін бабалар

Ешқашанда ұмытпа.

 

Қызығы көп қырықтың,

Өмір алға басты анық.

Гүлі жайнап үміттің,

Жүр әрдайым жас болып.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »