Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,Көркемдігі тең кел - құттықтау

Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,Көркемдігі тең кел

Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,

Көркемдігі тең келген суретпенен.

Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,

Ардақтайды өзіңді құрметпенен.

 

Еңбек жолың татиды сан аңызға,

Саған қарап күлімдеп қаламыз да.

Отбасында бақытты ғұмыр кешіп,

Аман-есен жүре бер арамызда.

 

Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,

Әлі талай шыңдардан бақ табасың.

Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,

Көш керуенің ешқашан тоқтамасын!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »