Елу жас - ердің жасыАртта қалды бес асу мен бес б - құттықтау

Елу жас - ердің жасыАртта қалды бес асу мен бес б

Елу жас - ердің жасы

Артта қалды бес асу мен бес белең,

Өрге тартып барады өмір-көш деген.

Елу деген – ердің жасы қызулы,

Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.

 

Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,

Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.

Елу деген – ердің жасы ең кемел,

Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

 

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,

Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.

Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,

Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

 

Елу деген – ердің жасы еңселі,

Елу деген – парасаттың өлшемі.

Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,

Азамат деп мақтан тұтар ел сені.

Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің.

 

Елу деген  толы той мен думанға,

Тау секілді көрінеді тұлғаң да.

Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,

Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

 

Елу деген - ес тоқтату, есею,

Елу деген – елдің жүгін көтеру.

Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,

Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »