Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,Сол жолдың бар бақы - құттықтау

Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,Сол жолдың бар бақы

Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,

Сол жолдың бар бақытын баяндадың.

Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,

Алпысқа аппақ Айдай аялдадың.

 

Аңқылдап қуана бер, ақтарылып,

Басыңа жарқырасын бақ та күліп.

Әке болдың асқар тау – тұғырыңда,

Ата бол, алпыс жаста атқа мініп.

 

Немерең топтан озып, бәйге алғанда,

Шөберең аспандағы айды алғанда.

Тағы да дүркіретіп той жасармыз,

Өзіңіз абыз шалға айналғанда.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »