Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,Сол жолдың бар бақы - құттықтау

Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,Сол жолдың бар бақы

Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,

Сол жолдың бар бақытын баяндадың.

Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,

55-ке аппақ  Айдай аялдадың.

 

Қиындықпен күресетін бала үшін,

Аямаған ұрпағы үшін бар күшін.

Ұл мен қызы қол жеткізсе биікке,

Одан асқан бар ма бақыт әке үшін?!

 

Таси берсін, бақ дәулетің ырысың,

Ел таныған азаматтың бірісің.

Қуанышыңды ел-жұртыңа паш еткен,

Аман болсын бала-шаға – тынысың.

 

Бағың тасып , мал-дәулетің өрлесін,

Бір бақытты құдайым көп көрмесін,

Сізге деген сырлы жырды ақтардық,

Қуанышпен басып жүрек пернесін.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »