50 деген ердің жасын еңсеріпЕңбегіңмен Сен келесі - құттықтау

50 деген ердің жасын еңсеріпЕңбегіңмен Сен келесі

50 деген ердің жасын еңсеріп

Еңбегіңмен Сен келесің тер төгіп,

Армандардың аттанғанда шыңына

Қызыр өзі болсын саған жолсерік.

 

Отбасының берекесін қамдаған,

Бар өмірін жақсылыққа арнаған,

Сендей жанға Алла өзі дем беріп,

Қиын кезде қуат беріп қолдаған.

 

Құтты болсын қуанышты той күні,

Саған шуақ шашсын Күн мен Ай нұры,

Әрбір күннің мерекеге айналып,

Ұрпақтарың көрмей өссін қайғыны.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »