Қуанышты еселі етсін Тәңірім,Қызықты тек өте берс - құттықтау

Қуанышты еселі етсін Тәңірім,Қызықты тек өте берс

Қуанышты еселі етсін Тәңірім,

Қызықты тек өте берсін өмірің.

Шаңырағың толы болып шаттыққа,

Өсіп-өнсін ұрпақтарың-тамырың.

 

Тілек еттім  алғы күннің ажарын,

Сарқылмасын Өмір-өзен, базарың.

Абыройың арта түсіп үнемі,

Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.

 

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,

Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.

Беделің де артсын ылғи ортада,

Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.

 

Құтты болсын мерейтойың, белесің,

Барлық жаннан мақтау алып келесің.

Аман болып, жасыңа жас қосылсын,

Алла жазса, талай тойды көресің!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »