Жүйрік уақыттың ұшқыр - құттықтау

       Жүйрік уақыттың ұшқыр

       Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.

       "Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Құрметті ............. аға! 

        Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз!  Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

 

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

 

Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.

Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

 

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

Қылығына қуанып шөберенің.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »