Сыр шертіп заман менКөктем жайлы, қыс жайлыЖетпіс - құттықтау

Сыр шертіп заман менКөктем жайлы, қыс жайлыЖетпіс

Сыр шертіп заман мен

Көктем жайлы, қыс жайлы

Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.

Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,

Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.

 

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,

Тұрған шағы саралап

өткен жолын қайта кеп.

Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,

Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!

 

Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,

Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.

Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар

Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!

 

Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,

Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.

Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп

Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »