Үш өлең: Қыз-ғұмыр: Қыз жүрегі жылады. Үміт көңіл. Жауқазын дәурен. Қосқан Ғабиден Қожахмет - құттықтау

Үш өлең: Қыз-ғұмыр: Қыз жүрегі жылады. Үміт көңіл. Жауқазын дәурен. Қосқан Ғабиден Қожахмет

ҚЫЗ-ҒҰМЫР  Қыз жүрегi жылады Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде, Сезiмiнiң жанып оты бiр демде, Махаббатқа сенiм артып жүргенде, Ару-жүрек алданды. Нұр жүзiнен күлкi қашып торығып, Мұң теңiзi тағдыр-жолға жолығып, Дұшпан түгiл досынан да қорынып, Қыз жүрегi жылады. Шат күндерiн көрiп өткен түс қылып, Бақыт құсын жүрегiнен ұштырып, Махаббатты "Жоқ!","Жалған!" деп ышқынып, Қыз жүрегi жылады. Үмiт артып жүргенiнде таңдарға, Сенiм артып жүргенiнде арманға, Кездессе егер өтiрiк пен жалғанға, Қыз жүрегi жылайды. Кеудедегi аппақ арман алданса, Берiлген серт өтiрiкпен жалғанса, Мың құбылып есi кеткен жандарша, Қыз жүрегi жылайды. Қалғанменен қыз-көңiлде сыр анық, Арман деген асу қайта құралып, Жылайды да өксiп,тағы жұбанып, Қыз жүрегi мiнер үмiт-кемеге. Өмiрiнiң сынға түсiп сан қыры, Шайқатылып арман-кеме тағдыры, Тәлкек етiп теңiз-толқын ал мұны, Қыз жүрегi жылады. Сезiмiнiң сәтсiздiгi қыз жүрегiн жылатар, Ал жiгiттер оттай ысып кеудесi, Бiле алмай сенерiн не сенбесiн, Болса анық сүйгенiнiң келмесi, Iштен ғана тынады.       Үмiт-көңiл Қиял,шiркiн,самғай да алар ендi, Мұңлы ой бiртiндеп санаға ендi. Отыз асты,сонда да тұрмыс құру, Баяғыша арман боп қала бердi. Қасиетiн iздеумен бiлiктi ердiң, Бойжеткен боп еш қамсыз жүрiп келдiң. Жиырмасында,шiркiн-ай,көздi арбаған, Қаламады бiрiн де жiгiттердiң. Өмiр,шiркiн,қарамад берi күлiп, Оралта алмас жас күнiн керi жүрiп. Қиялында өзiнше жасап алған, Терезесiн қақпады серi жiгiт. Сағыныштың естiлер далада әнi, Кеше емес пе ед мұны да бағалары. Сөз сап жүрген соңында жiгiттердiн, Азайыпты-ау бұл күнде қаралары. Мұң күйiнiң бұған да бұрды ма әнi?! Қыз жүрегi кеуденi ұрғылады. Сырласатын,бiр кеште мұң басатын, Ұзатылып кетiптi-ау құрбылары. Уақыт қалай орнында тұрсын ендi, Лүп-лүп соғар жүректiң дүрсiлi ендi. Қызметтен келгенде байқатпастан, Анасы да үн-түнсiз күрсiнедi. Махаббаттың шалынбай көзге аспаны, Болмаған соң жанында сөз бастары. Төсегiнде бiр суып,бiр ысынып, Жастығына тамады көз жастары. Мұңлы күйдi шертедi дала тынбай, Жалғыздықтан сол өшiн алатындай. Тоқта,тоқта,әлдекiм терезенi, Тық-тық етiп ақырын қағатындай. Қиял,шiркiн,қайтейiн,тылсым екен, Көңiл-жүйрiк шешiлмес бiр сыр екен. Қыз жүрегi алданды,терезенi Тырс-тырс соққан жаңбырдын тырсылы екен.  Жауқазын-дәурен Санамашы оны да балаға енді, Жылдар легі шаттығын ала келді. Қамсыз жүрген кешегі балаңдау қыз, Он жетіде өзгеріп сала берді. Студенттік дәурені басталды да, Өзгеше қып көрсетті жас жанды да. Тек осыған арналған мына өмір, Тек осыған арналған аспан мына! Естілді де даладан күздің үні, Балаң сәттен уақыт үзді мұны. Киімі де өзгеріп соңғы сәнмен, Бір-ақ күнде бойжетті қыз-ғұмыры. Бар бойына ешкім мін таға алмайды, Алма жүзі албырап арайлайды. Телефонды мазалап жиі-жиі, Айнаға да көбірек қарайлайды. Қандай ғажап сезіну жастық барын! Үлкендер де жақсы ғой жасты ұққаның. Анасы да жымиып күлімдейді, Өз қызынан көргендей жастық шағын. Шаттық күйдің естіліп тұрар әні, Әр күнінен бақыт сәт құралады. Бойжеткен қыз бір сәтте мұңаяды, Бір-ақ сәтте ол-дағы қуанары. Қыз-жүрекке арманы дөп қонғайсың, Сезімі де суынбас от болғайсың! Мұңайтатын сәттері аз болсын да, Қуантатын күндері көп болғайсың! Өлеңдердiң авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Өлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер »