Талайларды қуантар екпіні елдің,Сексен деген жасы - құттықтау

Талайларды қуантар екпіні елдің,Сексен деген жасы

Талайларды қуантар екпіні елдің,

Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.

Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,

Рухы мықты ұрпағы тектілердің.

 

Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,

Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.

Елу бес жыл отасып Науша-қызбен,

Қанаш-жігіт өмірден бақ тауып тұр.

 

Қанаш пенен Наушадай асылдарға,

Асуларын тілеймін асуларға!

Қозы менен Баянның белгісіндей,

Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »