Кұрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірл - құттықтау

Кұрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірл

Кұрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата-аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шықкан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді.

Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа-тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарыңда отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз!

Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-төрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетас-фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастык сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап журегіміз лүпіл қағып тұр!

Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!



Уважаемые наши учителя, родители и мои верные друзья, которые собрались сегодня в этот праздничный вечер! В эту золоту орду мы «вошли как маленькие зернышки, а выходим из нее как горы», и сегодня мы прощаемся с дорогими учителями, которые одиннадцать лет нас обучали, воспитывали. Больше мы не услышим звонкого голоса серебряного колокольчика. 

Мы больше не будем бегать во дворе нашей любимой школы, где проводили много интересных моментов, не будем больше бороться за парты в наших классах. Мы не будем сидеть на уроках наших преподавателей, которые всегда терпели наши капризы и баловство, не выйдем мы к доске, чтобы отвечать!

Мы в этой школе благодаря нашим учителям, заложили крепкий фундамент нашего будущего. Как бы мы не скучали по нашим школьным дням, сердце рвется к светлому будущему!

Мои друзья-одноклассники! Желаю вам в ближайшем будущем только успехов, добивайтесь всего, что вы хотите, найдите свое место в этой жизни! Желаю вам дойти до вашей мечты и не споткнуться на полпути! Потому что мы сегодня прощаемся со школой и смело идем в новую жизнь. Впереди нас ждет много разных путей-дорог. Друзья мои, давайте бороться за свое счастливое будущее и найдем свое место в жизни! Мы всегда будем хранить в своих сердцах нашу школу и дорогих учителей. Дорогие учителя! Мы чрезмерно благодарны вам за ваш неоценимый труд!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »