Оңтүстіктің қыздары-ай! /Нұрмахан Назаров - құттықтау

Оңтүстіктің қыздары-ай! /Нұрмахан Назаров

Оңтүстiктiң қыздары-ай Мойыл қара көздерi, Шекер мен бал – сөздерi. Гүлдер шоғы секiлдi, Топ боп шығар өздерi.   Бiр көргеннен сiздердi, Жүрек шiркiн сыздар-ай. Ынтық қылған бiздердi Оңтүстiктiң қыздары-ай!   Албыраған жүзi бар, Көрген адам қызығар. Ұстаз көрген шәкiрттей Көп алдында сызылар.   Сөз маржанын төк мейлi, Тым елжiреп кетпейдi. Ер кiсiнiң ешқашан Алдын кесiп өтпейдi.   Қасы-көзi қияқты, Бiлетiн ар-ұятты. Әдептiлiк, әсемдiк Жәрмеңкесi сияқты.   Омыраусыз, жағасыз, Қысқа көйлек кимейдi. Мың бұралтып, құбылтып, "Құдашаға” билейдi.   Өткiзiп ап уақытты, Ыстық жүрек мұздар-ай. Ойымнан бiр кетпейсiң, Оңтүстiктiң қыздары-ай...   Нұрмахан НАЗАРОВ, Түркiстан қаласы.
Ресми мерекелерге » 8 наурыз »