Ту көтеру рәсімінде ұландарға әскер шен табыстауда Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі - құттықтау
Ту көтеру рәсімінде ұландарға әскер шен табыстауда Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі
– Біз жыл сайын тұғыры биік Туымызды көтерген сәтте Отан шебін қорғауға кіріскен ұландарымызға әскери шендерін табыс етеміз. Бұл – келбеті келіскен, қайраты толысқан жауынгерлерімізге атаның аманаты, ананың ақ тілегі болып саналады. Ер-азамат үшін Отан қорғаудан құнды еш нәрсе жоқ! 7 мамырда өткен әскери шеру ел қауіпсіздігін ерлеріміз сенімді қорғай алатынын көрсетті. Қастерлі тудың түбінен аманат арқалаған азаматтар ел сенімін ақтайтынына мен сенемін! Әрдайым бойларың сергек, көздерің қырағы, жүректерің түкті болсын, жас өрендер! Осы күні бүкіл халық өз тағдырын әскермен байланыстырған жастардың барлығына Отанды қорғау аманатын арқалатады. «Қазақстан – бейбіт, тағат-толерантты ел. Ол – әлемдегі және іргелес қонған барлық елдер үшін тату көрші, сенімді әріптес. Бірақ біздің Қарулы күштеріміз қауіпсіздікті, Отанның тәуелсіздігін, қазақстандықтардың бейбіт өмірін қырағы күзетуде. Сондықтан да оларды мемлекет мұқият назарда ұстайды». Жоғарғы әскери оқу орындарын бітіріп, біздің Армияны толықтырып жатқан барлық жаңа сардарларды офицерлік атақтар алуымен құттықтаймын. – Сіздер – жас офицерлер, Отанды қанымен қорғап қалған аға ұрпақтың ерлігіне лайық боласыздар деп сенемін! Өмірлеріңде алғаш рет офицерлік шен алып отырсыңдар. Алдарыңа үлкен мақсат қойып, әскери маман болуға бекіндіңдер. Әрқашан да аман-есен болыңдар, елімізде бейбітшілік болсын. Еш уақытта соғысқа қатыспаңдар, бірақ әрқашан да Отанды қорғауға дайын болыңдар! Жас сардар әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасасын: «Әскерде өздерің сияқты жас жігіттерге аға болып, қолдау көрсетіңдер. Олардың барлығы – қазақстандықтардың ұлдары. Соларға мұқият қарап, туған ағадай болуға тиіссіңдер! Сарбаздарға бар көңілдеріңмен қарап, қамқорлық жасаңдар. Сонда біздің әскеріміз мықты болады»Ресми мерекелерге » Отан қорғаушылар күні »