Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап - құттықтау

Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап

Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз.

         Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.

 

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,

Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.

Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін

Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

 

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.

Шаттықпенен көріп таңның арайын,

Жаратушы төксін игі жақсылық.

 

55 – мерейлі жас ер үшін,

Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.

Әлі талай қызықтарға кенеліп,

Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »