Жер-Ана алтын түске малынғанда,Ақ қайың шықтан мо - құттықтау

Жер-Ана алтын түске малынғанда,Ақ қайың шықтан мо

Жер-Ана алтын түске малынғанда,

Ақ қайың шықтан моншақ тағынғанда,

Туыпсыз бақыт сыйлап отбасына,

Түстікке жыл құстары ағылғанда!

 

Басталып алтын күзден өміріңіз,

Келеді кір шалмастан көңіліңіз.

Қадірлі  анаңыздай ұлағатты

Сапынан ұстаз-басшы көрініңіз!

 

Шығатын асу-шыңдар әлі алда,

Мәңгілік тіршіліктің мәні барда.

Толағай табыс-жеңіс тілейміз біз

Егемен еліміздің сәні алда!

 

Ұл-қызыңыз – ол Сіздің қос қанатыңыз,

Аналық таусылмасын тағатыңыз.

Жарыстан өмір деген озып келсін,

Бәйгенің тұлпарындай жаратыңыз!

 

Алтын күз жыл айналып келе берсін,

Бейбіт күн, жақсылығы ере келсін!

…………… …………қызы, өзіңізге

Бақытын әр жасыңыз бере берсін!


Кәсіби мерекелерге »