Табам ба деп жан дертiме емiмдi,Талай түндер жаст - құттықтау
Табам ба деп жан дертiме емiмдi,Талай түндер жаст
Табам ба деп жан дертiме емiмдi,
Талай түндер жастыққа бас берiлдi.
Айтшы, жаным, неге қайта мен жұтпаймын,
Сенен шыққан жұпар ауа демiңдi.
Ақ бiлектiң арман болып елесi,
Жалғыз жүздi жүрегiмнiң кемесi.
Ғадауатқа оңайлықпен алдырмас,
Махаббат қой ғашықтықтың егесi.
Өткен шақтан бұл дәуренге келдi үлгi.
Маған, қалқам, бүкiл сендiк бер мұңды.
Өкiнiштi-ау ең болмаса қасық боп.
Мезгiл сайын өппегенiм ернiңдi.
Жантайып ап сезім жанның қаусарын,
Басар едiм құмар көңiл аңсарын.
Өкiнішті-ақ тарағыңның орнында
Болмағаны кең салалы саусағым.
Бес минутсыз уакытша құр желiксiз,
Аяласам, аймаласам ерiксiз.
Жаным!- деп айтқан жалғыз сөйлемдi
Айта берем қалған шақта ерiксiз.
Мiне осылай күндер өтiп барады,
Тырна қайтып, көк жолақ жол тарады.
Менi мынау әлдилейдi желпiп тек,
Сенi жазған ақ дәптердiң парағы.
Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »