Арта сап күндi бiр күнге,Ойға алмау сенi мүмкiн б - құттықтау

Арта сап күндi бiр күнге,Ойға алмау сенi мүмкiн б

Арта сап күндi бiр күнге,

Ойға алмау сенi мүмкiн бе.

Жылулық сенiң тәнiңде,

Сұлулық сенiң күлкiңде.

Менiң де, жаным, сенiң де

Киемiз асқак тегiнде.

Шашыңды майда жел сүйсе,

Демiм де, менiң лебiм де.

Жанымды сөзбен емдерсiң,

Келме демессiң, кел дерсiң.

Жаныңа бiреу сүйенсе,

Сен соны, жаным, мен дерсiң.

Өзiңдi алсам тек ойға,

Теңеймiн күн мен сенi айға.

Ұйкыға батар шақ туса,

Өтiнем, жаным, менi ойла.

Жандарды жайсаң ақ кеуде

Қисын келмес жат деуге.

Көрпеңдi мен деп елестет,

Жамылып жатқан сәттерде.

Көңiлдiң жүрек төрiнде,

Сезiмнiң тынық көлiнде,

Басыңа төсеп жастықты –

Ол менiң оң жақ қолым де.

Иіскесем аппақ мойныңнан,

Болшы бiр мен деп бой ұрған.

Төсіңе тартқан орамал,

Түскенде сусып қойныңнан,

Атымды менiң бiр айтшы,

Мен шықпайын тек сенiң ойыңнан.


Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »