Көркем келбет көздiң болар әлегi,Ғашықтықтан адам - құттықтау
Көркем келбет көздiң болар әлегi,Ғашықтықтан адам
Көркем келбет көздiң болар әлегi,
Ғашықтықтан адам мәңгi дәмелi.
Көкірегiнде жауқасын жыр көктесе,
Жан дүниенің таза болған әлемi.
Қайырлы түн, жана ғана сөйлескен,
Сұлулықтың жан толқытқан дәнегi.
Сенде үлкен парасаттың лебi бар,
Тұнып тұрған дерт бiткеннiң бар емi.
Сүйiп алңым кеп, шаққа мен тоқтадым,
Менiң жаным мейірiмге зар едi.
Пәк пейiлдiк, ак ниеттiк негiзi,
Салтанатты өмiрiмнiң сәнi едi.
Кiшiпейiл, ашық адам боп кеттiм,
Көкіректiк менде тегi бар едi.
Мен өзiңдi құрметтеймiн деп айта алам,
Адамдығым адалдықтың жағы едi.
Түн қойнауы саған сиқыр түс сыйлап,
Түс көр, жаным, мен туралы әдемi.
Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »