Бүкіл әлемдік тартылыс заңы Ұ. Есдәулет - құттықтау

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы Ұ. Есдәулет

Шығармай тысқа тартып ұстадым,

Сезімнің ыстық шарпылыстарын,

Көрдім де сені, мойындап қалдым,

Бүкіл әлемдік тартылыс заңын.

Көр соқыр болдым, көрдім де сені,

Қаперге кірмей елдің де өсегі.

Өзімнен өзім күлемін кейде,

Сілкінген жердей жүрегім бейне.

Мына жұрт, мүлдем жайбарақат қой,

Сүймей-ақ өмір сүремін дей ме?

Себепсіз сағат санап қаламын,

Қалайша сенсіз тағат табамын.

Өзіңді ойлап, өзіме бойлап,

Таусылмас томдай парақталамын.

Қиялда бірге қонып ұшамыз,

Сабылысамыз, сағынысамыз.

Бары рас болса тартылыс заңы,

Түбінде біздер жолығысамыз.


Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »