Сен менің жалғыз жанымсың,Сен жоқта мүшкіл халім - құттықтау

Сен менің жалғыз жанымсың,Сен жоқта мүшкіл халім

Сен менің жалғыз жанымсың,

Сен жоқта мүшкіл халім шын.

Мұң басып түндей түнерсем,

Ағарып атар таңымсың.

 

Басыма қонған бағымсың,

Көңілімнің алтын тағысың.

Қасымда дәйім жүрсең де,

Армандай алыс сағымсың.

 

Айналдым қоңыр көзіңнен,

Айырған мені төзімнен.

Жарылсын жүрек шаттанып,

Сүйемін деген сөзіңнен.

 

Сондайсың, сәулем, сондайсың,

Жағасы бұлғың тондайсың.

Жаралып жанды жылатпай,

Басыма бақ боп қонғайсың.

 

Тағастыз күтіп-тосамын,

Жырыма сені қосамын.

Сөзіңді берсей, болайын,

Тәңірі қосқан қосағың!

 

Тезірек, жаным, жетсеңші,

Сағындым.... өлдім...тек сенші.

Толқыған жүрек тыншысын,

Сенімнің гүлін ексеңші.


Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »