Аға, сізді ойласам, шаттанамын,Тербеледі толқында - құттықтау

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,Тербеледі толқында

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,

Тербеледі толқындай бақ талабым.

Жүрегімде өзің деп оянады

Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.

 

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,

Жақсылықты тілеймін жалбарына.

Сіздей аға бар болса – біздей іні

Алаңдамай қарайды алдарына.


Туыстарға »