Көңілім саған деген суыды жаным,Сезімімді сен мен - құттықтау

Көңілім саған деген суыды жаным,Сезімімді сен мен

Көңілім саған деген суыды жаным,

Сезімімді сен менің ойламадың.

Кешіре алмадым оныңды, кешірмеймін,

Бір айтарым мәңгі мені ұмыт деймін.


Ақымақтық бопты саған сенгенім,

"Жаным" деген сөздеріңе көнгенім.

Үздің ғой сол бір нәзік үмітті,

Енді қалай сезімге мен сенейін.


Махаббатты бір үлкен сезім дейді,

Түсінер оны үлкені, жасы мейлі

Ол деген екі жастың қалауы ғой,

Кедергілер тап болса да кідірмейді.


Ал сен болсаң кедергіден қаша бардың

Батырлықты, батылдықты танытпадың

Бірақ саған еш жамандық тілемеймін

Неге бәрін бір сәтте ұмыта салдың?


Демек саған ұмыту оңай болды,

Өсірген "Махаббат гүлі" ерте солды.

Енді қайтіп көріспейміз ешқашан,

Әттең-ай, неге бәри солай болды?!


Қателік жіберді кім арамыздан,

Жан едің сен мен үшін дара туған

Қайтеміз, қалмады басқа амал да,

Жүрегіміз түйіспеді бір арнада.


Ең алғаш ұнатқаным сен едің,

Сезімімді мәңгіге сен өртедің.

Бірақ енді жүрегімді қинамаймын,

Сені ұмытам, сағынбаймын, жыламаймын.


Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »