Біз екеуміз құдай қосқан көршіміз,Екі әулетті бір - құттықтау

Біз екеуміз құдай қосқан көршіміз,Екі әулетті бір

Біз екеуміз құдай қосқан көршіміз,

Екі әулетті біріктірген елшіміз!

Туысқандай болып кеттік бұл күнң,

Еш бір қылық көрсетпедік ерсі біз.

 

Кездескенде нұр құятын санаға,

інім – сенсің,

Менмін саған – жан-аға!

Көршілікке ...............жыл боп қапты,

Бірге ұшырдық қанша шаттық-шағала.

 

Өмір барда егес те бар, ұрыс бар –

Жақсы жігіт айналасын дұрыстар.

Барыс, келіс үзілмейтін – тілегім,

Көрші тату болған жерде ырыс бар!

 

Көршім, сені қанша жылдан білемін,

Онда әлі бозбала едің, гүл едің.

Мына тойлар болсын тойлар бастауы,

Немере сүй, шөбере сүй – тілегім!


Көршіме » Аралас »