Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құтт - құттықтау
Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құтт
Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз.
Ата – бабамыздан қалған қара шаңыраққа Қаратаудай қорғансыз.
Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге Алатаудай қамқорсыз.
Қадірлі әпке! Алдыңыздағы алпыстың асуындай шаршап-шалдықпаңыз!
Жетпісті желіп, сексенді секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз!
Ағайын-туыстарыңыз бен бауырларыңыздың құрметіне бөленіп, отбасыңыздың ортасында толған айдай жарқырап отыра беріңіз!
Сол үшін де Сізге Аллаһ тағаламыз зор денсаулық бергей!
Туыстарға »