Қазақтың кең даласы жүректі,Барша жанға аппақ, та - құттықтау

Қазақтың кең даласы жүректі,Барша жанға аппақ, та

Қазақтың кең даласы жүректі,

Барша жанға аппақ, таза тілекті.

Бір атаның би ағасы бұл ағам,

Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

 

Қайырымды қолын созған сан досқа,

Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.

Бұл ағама арналатын сөз басқа,

Бұл ағама айтылатын ән басқа!

 

Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы,

Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.

Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,

Алатауға ту қадап та үлгерді.

 

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,

Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.

Тасқан жанның тас қамалын талқандап,

Мұңды жанның маңдайынан сипадың.


Туыстарға »