О, Нағашым,Бәйтерегім, жемісім,Құрған өмір кілемі - құттықтау

О, Нағашым,Бәйтерегім, жемісім,Құрған өмір кілемі

О, Нағашым,

Бәйтерегім, жемісім,

Құрған өмір кілемінде желімің!

Ортақ болған шаттығым мен қайғыма,

Өзің қамқор, батагөйсің мен үшін!

 

Сауап, ізет нұрландырып санасын,

Әлпештеген апасын да, анасын,

Құтты болсын жасап жатқан тойыңыз,

Дана орнына дана болған нағашым!

 

Қоныстанып қаласын да, даласын,

Жетілдірген тоғыз ұл-қыз баласын,

Құтты болсын бүгінгі алтын тойыңыз,

Аға орнына аға болған нағашым!

Оңнан туып Күніңіз бен Айыңыз,

Тұлпар болды сіз баптаған тайыңыз.

Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,

Құтты болсын бүгінгі нұр тойыңыз!


Туыстарға »