Бөлінбейді бөлелер, тату - тәтті саналар,Бөлінсең - құттықтау

Бөлінбейді бөлелер, тату - тәтті саналар,Бөлінсең

Бөлінбейді бөлелер, тату - тәтті саналар,

Бөлінсеңдер бөрі жер, дұшпандарың табалар.

Мен нағашы білсеңдер, сендер маған жиенсің,

Жақсы  болсаң жиендер, нағашыны сүйерсің,

Суығына қалтырап, ыстығына күйерсің,

Мағынасын түсінсең, бәрің  ойлап білерсің.

Еңбек етсең ерінбей бақытты болып жүрерсің,

Менің айтқан  ақылым, туған – туыс жақыным,

Түсінбесең сөзіме, жетпегені ақылым.

Бала – шаға, жастарым  өсе берсін бақтарың,

Береке, бірлік етіңдер, көбейе берсін достарың.


Туыстарға »