Арудың сарбазға хаты /Өтінішпен жазылған Ғабиден Қожахмет - құттықтау
Арудың сарбазға хаты /Өтінішпен жазылған Ғабиден Қожахмет
Арудың солдатқа хаты (Өтінішпен жазылған өлең,жазған Ғ.Қожахмет) Ол кеткен жоқ бостан-босқа аулаққа, Ол жатқан жоқ көк шалғынға аунап та. Ел алдында ақтап жүрген борышын- Хат жазыңдар қатардағы солдатқа. Арман бейне айдындағы ақ қаздай, Қалай тұрмақ ынтызарлық дәт қозбай?!. Ару қыздар,нағыз ғашық болсаңдар- Өздерің де жүре алмайсың хат жазбай! Тынышбай Рахым. Әскердесің, Сенсіз жалғыз жүргенім болмаса тек, Сеніменен біргемін. Сүйген жүрек күн санайды осында, Келді ме ант қабылдайтын күндерің?! Күндер,күндер- Күтер әлі алда мың, Сеніменен ортақ,бірге арманым. Отаныңа әскерде ант бергенің- Сенің енді нағыз солдат болғаның! Жарасады формасы әсем солдатқа, Елеңдеме,алаңдама ел жаққа. Сені адал күтемін деп әскерден, Мен де ант бергем іштей бұл жақта. Мейлі,айналып кетсе-дағы ғалам мың, Саған деген сезіміме адалмын. Күтіп жүрмін,жүректе бар сағыныш, Орны бөлек болғандай-ақ бағаңның. Маған жақсы үміт артып сенгенің, Елесіңмен сағынышымды емдедің. Сені күткен бұл жүректің тілегі- Сенің маған аман-есен келгенің. Хат жазамын сағынышпен жырақтан, Жүрек бірге,тек өзіңді ұнатқам. Жаттығуда болса ауыр,сол сәтте Сөздерімді есіңе ал да,қуаттан. Отанымыз-бізге бүгін іргелі ел, Үміт күтер Отан үшін бізден ел. Қызметіңді абыроймен аяқтап, Бізге де әлі табысатын күн келер!Ғашығыма » Отан қорғаушылар күні »