Ата-ананың мерейтойына арналған тілектер - құттықтау
Ата-ананың мерейтойына арналған тілектер
Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты, Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың. Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін, Сөнбесін аулаңызда шамы Бақтың! Бақыт құсы айналып күнде қонсын, Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын. Туған күн деп Сіздерге арнап тост көтеріп, Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!ардақты әкеміз .... 80 жасқа, аяулы анамыз 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз! Өмір атты тарихтың дастанында, Үлгі болып келдіңдер жас қауымға. Бірің - 80, ал бірің 75-тің Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында. Әке-ана, енді қалған ғұмырдың, Тек қана бақыт күлсін аспанында.
Анама » Әкеме »