Жетпіске толған әкеге арналған тілек Тамада кітабы - құттықтау

Жетпіске толған әкеге арналған тілек Тамада кітабы

Жетпіс асу, қия шыңдар,

Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.

Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,

Жас жігіттей әлі де қуатың бар.

 

Жария боп жақсы атың алты Алашқа,

Келесіз үлгі болып барша жасқа.

Жүрегі аузын ашса көрінетін,

Базары жайсаңдардың тарқамас та.

 

Толқын аңқылдадың ақтарылып,

Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.

Ақ туын адалдықтың желбіреттің,

Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.

 

Танытып еңбегіңмен сан қырынды,

Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.

Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,

Арнадың еліңе сен тағдырыңды.

 

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.


Туыстарға »