Аса құрметті әкеміз!Сіздің жетпістің асуына еселі - құттықтау

Аса құрметті әкеміз!Сіздің жетпістің асуына еселі

Аса құрметті әкеміз!

Сіздің жетпістің асуына еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен ат басын тіреген шағыңыз алтын тоймен тұспа-тұс келуде. Қос мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, мына өлең жолдарын өзіңе тарту етемін:


Жетпісің жетіпті, әке, желкен керіп,

Тірлігің күннен күнге көркемделіп.

Бұл күнде бір әулеттің айбынысыз,

Тұрасыз парасатқа өлшем болып.


Сіз өскен .... – көркі жердің,

Сындарлы саңлағысыз еркін елдің.

... ұл-қыз бүгінде азамат боп,

Оқытып, әрқайсына енші бердің.


Көкірегіңе мейірім толып нұрлы,

Жаныңызды жақсылық қоныс қылды.

Кеңпейіл, ашық жарқын мінезіңіз,

Кейінгі жас өренге болыпты үлгі.


Жүгін арттың иыққа жыл көшінің,

Мақтан боп ел аузында жүрді есімің.

Анамыз айнымайтын серігің боп.

Отауың орда болды іргесі күн.


Ассаң да тіршіліктің сан асуын,

Таусылмас арманы адам баласының.

Бүгінгі алтын тойың тұр айғақтап,

Жүрек пен жүректердің жарасымын.


Жүресің қалжыңмен елдің басып мысын,

Ұрпаққа кеудеңдегі жақұтты ұсын!

Аман-сау жүзге жеткін, асыл әке,

Басыңнан арылмасын бақыт құсың!


Туыстарға »